Қордай ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды

9 Ақпан 2020, 00:17
2226
Бөлісу:
Қордай ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың шешімімен Қордай ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды. 

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңына сәйкес, Жамбыл облысының әкімі:

1.Жамбыл облысы Қордай ауданының аумағында 2020 жылдың 8 ақпаны сағат 21.00-ден бастап жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбеков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

3. Осы шешім 2020 жылдың 8 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік,  7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты. 

Бұған дейін аймақ басшысы Масанчи ауылындағы жанжал кезінде ұсталғандардың 44-і босатылды деп хабарлаған. 

Өзгелердің жаңалығы