OrdaMed АҚ басқарма төрағасы Еркін Длімбетовке іздеу жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы ақпарат Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында шықты.
Бағдарламадағы мәліметке сәйкес, Еркін Длімбетовке қатысты іздестіру ісі кеше, 28 қаңтарда Астанада тіркелген. Іздестіруді бастама еткен – ҰҚК. Ал іздеу жұмыстарын ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіп жатыр.
.jpeg)
Еске салайық, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті OrdaMed басшылығын ұстағаны туралы ақпарат тараған болатын.
Денсаулық сақтау министрлігі "OrdaMed" АҚ қызметінен анықталған заңбұзушылықтарға қатысты ақпаратқа түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, қазіргі кезде компанияның медициналық бұйымдарына қатысты 53 тіркеу куәлігінің барлығының қолданылуы толық тоқтатылған.