Ордабасылық полицейлер дүкенге түскен ұрыларды ұстады

11 Қаңтар 2021, 11:46
1523
Бөлісу:
Ордабасылық полицейлер дүкенге түскен ұрыларды ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ордабасылық полицейлер дүкенге ұрлыққа түскен тұрғындарды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

АПБ-не жергілікті тұрғын азамат өз қылмысын мойындап келген. Ол осыдан бір ай бұрын Шұбарсу елді мекеніндегі “Аралас заттар” дүкеніне түнгі уақытта заңсыз кіріп, 12 дана иіссу мен 60 мың теңге ақшалай заттарды ұрлағанын көрсетті. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) бойынша тіркеді. 

Жәбірленуші келтірілген жалпы шығынның көлемі 185 мың теңгені құрайды. Содан өз қылмысын мойындап келген күдікті азаматтан тергеу тобының полицейлері сұрақ-жауап алады. Тергеу барысында күдікті азамат қылмысты жалғыз өзі істемей, таныс досымен бірлесіп істегенін айтқан. Тәртіп сақшылары қылмыс жасаған екінші күдіктіні іздестіру жұмыстарын бастайды. 

Іздестіру жұмыстары кезінде күдіктінің Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалып жатқаны белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктінің біреуі қолхатта болса, екінші күдікті азамат қамауда. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға кеңселер мен дүкендерге, сауда орындары мен жекеменшік иелігіндегі нысандарға сақтық үшін бейнекамера орнатып, темір торлармен жабдықтауға кеңес береді. 



Өзгелердің жаңалығы