«Ордабасы» футбол клубы ресми түрде жеке басқаруға өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру және коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасы аясында «Ордабасы» футбол клубы жекеменшікке өтті.
Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Integra Construction KZ компаниясының басшылығы жекешелендіру туралы меморандумға қол қойды. Құжат жеке инвестицияларды тартуды, басқарудың нарықтық моделіне көшуді және корпоративтік басқарудың заманауи стандарттарын енгізуді қарастырады.
Құжат жеке инвестициялар жұмылдыруды, тұрақты нарықтық басқару моделіне көшуді және заманауи корпоративтік басқару стандарттарын енгізуді көздейді.
Негізгі бағыттардың қатарында материалдық-техникалық базаны жаңарту, жаттығу инфрақұрылымын дамыту, басқару үдерістерін цифрландыру және клубтың коммерциялық тиімділігін арттыру бар.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның футбол клубтары жекеменшікке өтетінін хабарлаған болатынбыз.