"Ордабасы" футбол клубы Чемпиондар лигасындағы жорығын бастайды

8 Шілде 2024, 09:40
552
Бөлісу:
"Ордабасы" футбол клубы Чемпиондар лигасындағы жорығын бастайды
Фото: "Ордабасы" ФК

Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубы сәрсенбі, 10 шілде күні UEFA Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде молдовалық "Петрокуб" командасымен кездеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл бәсеке Шымкент қаласында кешкі сағат 20:00-де басталады.

Ал жауапты кездесу 17 шілде күні Молдованың Хынчешты қаласындағы "Петрокубтың" өз алаңында өтеді.

Ережеге сәйкес, екі команданың қос ойын қортындысы бойынша ең көп ұпай жинағаны іріктеу турнирлерінің келесі кезеңіне өтеді.

Біз Чемпиондар лигасының басталуын тағатсыздана күтудеміз. Себебі бұл – клуб дамуындағы жаңа дәуір. Ал біздің дайындығымызды матчтардың нәтижелері көрсетеді. Футболшыларымыз клубтың ғана емес, бүкіл қазақ футболының намысын жерге жықпайды деп сенемін, - дейді "Ордабасы" президенті Асхат Сейсембек.

Өзгелердің жаңалығы