«Ордабасы» Чехияға аттанды

24 Шілде 2019, 11:02
1609
Бөлісу:
«Ордабасы» Чехияға аттанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Ордабасы» футбол клубы Прагаға аттанды, әріқарай Млада-Болеславқа барады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде Шымкент командасы «Млада-Болеслав» клубымен кездеседі. Бұл ойын ертең яғни бейсенбі күні астана уақыты бойынша сағат 23:00-ге жоспарланған. Ал бүгін екі команданың бас бапкерлерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты және ашық жаттығу жиыны өтеді. 

Чехияға аттанған «Ордабасы» командасының құрамы:

 Қақпашылар: Дмитрий Непогодов, Бекхан Шайзада;

Қорғаушылар: Талғат Адырбеков, Дамир Даутов, Марат Быстров, Тимур Досмағамбетов, Темірлан Ерланов, Пабло Фонтанелло, Сергей Малый, Мардан Төлебек, Ұлар Жақсыбаев;
Жартылай қорғаушылар: Май Махлангу, Жоао Пауло, Абдуллай Диакате, Кирилл Ковальчук, Самат Шәмші, Мирзад Механович, Валерий Коробкин, Зиги Бадибанга, Эльхан Астанов;

Шабуылшылар: Тоқтар Жаңғылышбай, Алексей Щеткин.
УЕФА Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Млада-Болеслав» (Чехия) пен «Ордабасы» командалары арасындағы алғашқы матчта Беларусь елінің төрешілері қызмет ететін болды.

Төрешілер құрамымен таныстырсақ, кездесудің бас төрешісі қызметі Сергей Цинкевичке сеніп тапсырылды. Ал оған екі жерлесі – Виталий Малютин мен Евгений Романов көмектеседі. Төртінші рефери – Виктор Шимусик.
Өзгелердің жаңалығы