Желіде белгілі имам Нұрлан Байжігітұлының әзілі тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Имамға тікелей эфирде "Ораза кезінде түкірікті жұтуға бола ма?" деп сұрақ қойылды.
"Мен ораза ұстадым" деп міндет қылмай-ақ қой. Түсінікті ме? Ұстасаң өзің үшін. Қазір енді ондай жоқ. 90 жылдары мен оқу бітіріп келгенде оқушы балалар сабақта "түкірігімді жұтпаймын, ораза ұстадым" деп отыратын. Ондай проблема жоқ. Түкірік жұтыла береді. Тек біреудің сілекейін жұтпасаң болды, - дейді имам.
Бұған дейін ҚМДБ "Сәресін ішпей, ораза ұстауға бола ма?" деген сұраққа жауап берген еді.
Сондай-ақ әлеуметтік желіде Наурыз мерекесі мен ораза қатар келсе, қазақтар Наурызды тойлайды, көпшілік үшін Наурыздың мәртебесі оразадан жоғарырақ деген пікірлер оқырман арасында қызу талқыға түскен еді.