Ертең таңнан бастап барша мұсылман жамағатқа Ораза басталады

12 Сәуір 2021, 13:05
4691
Бөлісу:
Ертең таңнан бастап барша мұсылман жамағатқа Ораза басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 12-нен 13 қараған түні Қазақстанда Ораза басталады. Осы күннен бастап мұсылмандар Ораза тұтады. 

Биыл, 2021 жылы Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. Рамазан айы 30 күн болады. 13 мамыр – Ораза айт күні. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – Қадір түні.

Ал пітір мөлшері 420 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.

BAQ.KZ сайтының басты бетінің сол жақ бұрышында Рамазанға дейінгі уақыт көрсетіліп тұрады. Сонымен қатар алдағы уақытта ауыз бекіту мен ауыз ашу уақыттары да көрсетіліп тұратын болады.

Ертең таңнан бастап барша мұсылман жамағатқа Ораза басталады

Сонымен қатар назарларыңызға 2021 жылғы Қазақстан елді мекендерінің Рамазан айындағы ораза және намаз кестесін ұсынамыз.


Ертең таңнан бастап барша мұсылман жамағатқа Ораза басталады

Басқа қалалардың намаз уақыттарын ЖҮКТЕУ арқылы көріп, таныса аласыздар. 

Естеріңізге сала кетейік, екпенің шариғатқа ешқандай қайшылығы жоқ екенін айтқан еді қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай. 

ПТР тесттен өту оразаны бұзбайтыны да айтылды. Имамның айтуынша, тек ішке тамақ не су қабылдағанда ғана бұзылады.

Өзгелердің жаңалығы