Оралға келген америкалық турист полицейлердің көмегіне жүгінді

Орал қаласында америкалық турист қазақстандық тәртіп сақшыларының көмегіне жүгініп, оларға ерекше алғысын білдірді.

 Архив 14 Сәуір 2025 2025, 04:25
14 Сәуір 2025 2025, 04:25
1128
Фото: Архив

Орал қаласында америкалық турист қазақстандық тәртіп сақшыларының көмегіне жүгініп, оларға ерекше алғысын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz—ке сілтеме жасап.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері — Дамир Қазиханов пен Нұрсұлтан Иманғазин Монтана штатынан келген Конор есімді азаматқа бағытынан адасып қалған сәтінде көмек көрсеткен.

Саяхат барысында Конор Орал қаласында жолынан жаңылып, қайда барарын білмей қалған. Оқиға орнында жүрген полиция қызметкерлері оған дереу көмекке келіп, қажетті мекенжайына дейін жол сілтеді.

Турист өз алғысында полицейлердің кәсібилігін, сыпайылығын және жедел әрекетін ерекше атап өтті.

Олар өте жылы шырай танытып, жағдайымды түсініп, дереу көмектесті. Қазақстанда мұндай мейірімді әрі жауапты қызметкерлердің бары қуантады, деді Конор.

Бұл жағдай еліміздегі құқық қорғау органдарының тек тәртіпті қадағалаушы ғана емес, шетелдік қонақтарға да қолдау көрсете алатындығын көрсетеді.

Наверх