Оралдық өрт сөндірушілер тұрғынды өрттен аман алып қалды

26 Маусым 2024, 23:48
283
Бөлісу:
Оралдық өрт сөндірушілер тұрғынды өрттен аман алып қалды
Фото: Арман Мухатов -архив

Оралдық өрт сөндірушілер адамды өрттен құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Орал қаласындағы жатақханалардың бірінде 2 шаршы метр алаңда үй заттары мен қоқыстар жанған.

Құтқарушылар шақыру орнына келген кезде, жанып жатқан бөлмеде бір адам бар екені анықталды. Өрт сөндірушілер кіреберіс есікті ашып, 2009 жылы туылған қыз баланы құтқарып, оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, - делінген ведомство хабарламасында.

Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында шақырған сәттен бастап 17 минуттың ішінде өрт сөндірілді. Қайтыс болғандар жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.

ТЖМ өрт кезінде “101” және “112” нөмірі бойынша хабарласуды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы