Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда балаларын қосымша даярлық сыныбына беремін деп, тақырға отырған ата-аналар прокуратураға арызданды.
Алаяқтыққа іліккен 26 жастағы күдікті әр ауданда сан түрлі атаумен орталық ашып, ақша жинап алған соң жауып тастаған, деп хабарлайды astanatv.kz.Алғашында "Меледи", кейін "Аврора", "Білім академиясы", "Үміт", "Лямажор", "Айшабибі", "Әлихан" деп атауы өзгеріп отырғанымен, ақша жинау схемасы бірдей оқу орталықтары қаланың түрлі аудандары мен Құлсары қаласында ашылған. 26 жастағы оралдық келіншекке алданған атыраулықтар енді қомақты қаржыларын не қайтара алмай, не баласын бақшаға бере алмай сандалып жүр. Араларында тіпті 1 миллион теңгеге дейін бергендер бар. Тіпті қызметкерлер, жалға алған ғимараттардың иелері де жапа шегіп отыр.
Бүгінгі таңда 17 адамның арызы бойынша "Алаяқтық" факітісімен қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергелу сатысында. Бұл қылмыстық істі женке өзім бақылауға алдым. Тергеу нәтижесі қосымша хабарланатын болады, – дейді Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллин.
Баласына білім беремін деп, сан соққан ата-аналар өзгелерді алданып қалмауға шақырып отыр. Айтуларынша Атырау облысы бойынша дәл осы келіншектің сөзіне сеніп қалғандардардың саны 500-ге жуықтайды.