Оралдағы Көшім өзенін нығайтуға 45 тоннадан астам құм салынған қапшық жеткізілді

12 Сәуір 2024, 22:10
682
Бөлісу:
Оралдағы Көшім өзенін нығайтуға 45 тоннадан астам құм салынған қапшық жеткізілді
Фото: видеодан кадр

Оралдағы Көшім өзенінің нығайтуға 45 тоннадан астам құм салынған қапшық жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлім етті.

Орал маңындағы Серебряков ауылындағы Көшім өзенінің жағасын нығайтуға «көгілдір береттер» 45 тоннадан астам құм салынған қапшықтар жеткізді. Алматы мен Талдықорғаннан келген Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 300-ден астам әскери қызметшісі Жайық, Шаған, Дерқұл өзендерінің бөгеттері мен жағалауларын және олардың салаларын нығайтумен айналысып жатыр, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы