Оралда Жайық өзенінің деңгейі 8 сантиметрге көтерілді

Орал қаласындағы Жайық өзенінде су деңгейі 8 сантиметрге көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 видеодан кадр 22 Сәуір 2024 2024, 05:00
22 Сәуір 2024 2024, 05:00
1657
Фото: видеодан кадр

Орал қаласындағы Жайық өзенінде су деңгейі 8 сантиметрге көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, су деңгейі 858 сантиметрді құрайды.

Осы сағатқа дейін құтқарушылар:

  • бөгеттер тұрғызды және нығайтты;
  • уақытша топырақ үйінділері жабдықталды.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар тәулік бойы жұмыстарды жалғастыруда.

 Мәселен, күндіз саяжай алқаптарында қалып қойған адамдарды эвакуациялау жұмыстары атқарылды. 

Ал қазіргі уақытта олар қаптарды инертті материалдармен толтыру және төсеу бойынша жағалауды қосымша нығайту жұмыстарын жүргізуде.

Наверх