Оралдағы оқиға: Тұтқынды босату операциясы сәтті аяқталды

28 Қараша 2019, 23:50
5479
Бөлісу:
Оралдағы оқиға: Тұтқынды босату операциясы сәтті аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орал қаласында 6 сағаттан астам уақытқа созылған тұтқынды босату операциясы сәтті өтті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

Орал қаласында тұтқынды босату операциясы өлім-жітімсіз және ауыр салдарсыз аяқталды. Полиция арнайы жасағы қару мен арнайы құрал-жабдық қолданбастан қаскүнемді ұстады. Операция сағат 19-45-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 20-45-те) аяқталды. Жұбайын кепілге алған азаматпен келіссөз жүргізушілер сағат 13-10-нан бастап келіссөз жүргізіп, ол 6 сағаттан астам уақытқа созылды. Диалогқа оның жақын туыстары мен достары да араласты. Ұзаққа созылған келіссөздерден кейін ол әйелін босатты және содан кейін оны арнайы жасақ қызметкері ұстады, - делінген хабарламада.
 
Ведомстводан хабарлағандай, тұтқында болған әйелдің аяғында пышақ жарақаты бар. Зардап шегушіні медицина қызметкері қарады және қазіргі уақытта онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Ал оқиға болған маңдағы үйлердің тұрғындары мен сол маңға жақын жүрген адамдар таяу жердегі орта мектеп ғимаратына орналастырылып, жылыту пункті жасақталған.
ҚР ҚК 261 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қоршау алынып жатыр. Содан кейін тұрғындар өз үйлеріне орала алады, - деді ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, Оралда белгісіз ер адам нотариусты кепілдікке алғандығын хабарлаған болатынбыз.




Өзгелердің жаңалығы