Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО полиция департаментінде Оралда 60 джиппен жүрген ер адам не үшін ұсталғандығы жөнінде айтып берді. Бұл туралы Мой город сайты хабарлады.
16 қараша күні 60 джиппен серуендеп жүрген ер адамның үстінен Самал-1 ауданының тұрғындары арыз түсірген екен.
Осыншама көп машинаның жиналып жатқынын көрген тұрғындар алаңдап, полицияға хабарласқан.
Оқиға орнына құқық қорғау орғандарының қызметкерлері барып, көліктерді Орал қаласының полиция басқармасына жеткізген. Кейін белгілі болғандай Алматы қаласының тұрғыны оншақты көлікті жалға алып, қыдырып қайтпақ болған екен. Оның тарапынан ешқандай заң бұзушылық болмаған. Бөлімге оның туыстары шақыртылып, олар ер адамды үйіне алып кетті, - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Естеріңізге сала кетейік, Оралда ер адамның 60 джипті жалға алып, қалада қыдырып жүргендігі туралы хабарланған еді. Сонымен қатар, ұсталған ер адам бұрын істі болғандығы да айтылған.