Оралда тоғыз қабатты жатақханадан өрт шықты

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Оралда тоғыз қабатты жатақханада өрт шығып, 73 адам эвакуацияланды.</h4>

 6 Ақпан 2021 2021, 18:50
6 Ақпан 2021 2021, 18:50
1526

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда тоғыз қабатты жатақханада өрт шығып, 73 адам эвакуацияланды.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін Исатай-Махамбет көшесі 82/1-мекенжайында болды.

Сағат 03.27-де өрт шыққаны жөнінде хабар түскен. Барлау барысында бірінші қабаттағы қосалқы үй-жайда жеке заттардың жанып жатқаны анықталды. 

Жатақханадан 73 адам, соның ішінде 17 бала қауіпсіз жерге шығарылды. 

«Тілсіз жауды» ауыздықтауға 17 адам 6 техникамен қатысты. Өрт сағат 04.09-да сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталу үстінде.




Наверх