Оралда сарбаз ант қабылдаған соң, 10 күннен кейін психикалық ауруханаға түсіп қалған

26 Тамыз 2022, 11:19
951
Бөлісу:
Оралда сарбаз ант қабылдаған соң, 10 күннен кейін психикалық ауруханаға түсіп қалған
Фото: Мой город

Туыстары бұл туралы бірнеше айдан кейін білген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

20 жастағы қатардағы жауынгер Арманбек Қайрон 2022 жылдың маусым айында Ақтөбе облысынан әскерге шақырылған. Орал қаласындағы Ол  Ұлттық ұланының  5517 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтемек болған. Шілде айының соңында туыстары ант қабылдау рәсіміне қатысады, ал 10 күннен кейін жас сарбаз облыстық психоневрологиялық диспансерге түсіп қалады. Арманбектің туыстары бұл туралы кездейсоқ біліп, келесі күні Орал қаласына барады.

Алдымен Арманбектің ата-анасы жоқ, мен оның қамқоршымын. Оны диплом алған күні әскерге алып кетті. Маусым айында ол шақырылды, 30 шілдеде ант қабылдады. Біз осында келдік, оның көңіл-күйі жақсы болды, әскерге өзі келгісі келген. 10 күннен кейін біз Арманбектің  психикалық ауруханада екенін білдік. Қазір ол өзін нашар сезінеді. Біреумен төбелескен деп ойлаймыз. Арманбек бізден оны осы жерден алып кетуді өтінді. Бұрын ол аттан құлап, миы қозғалған. Оны әскерге шақырмас бұрын тексермеген де. Біз оны алып кеткіміз келеді, оны аяусыз ұрған, бірақ ешкім бұл туралы айтқысы келмейді, - деді солдаттың туысы Тойбазар Аманбаев.

Мой город порталының мәліметінше, 5517 әскери бөлімінің командирі Сағындық Хайдаров, тоғызыншы тамызда Арманбек Қайрош медпунктке жүгінгенін айтқан. Оның айтуынша, жас жігіт өзіне бір нәсе істегісі келетінін айтқан.  Командир оны медпунктке алып келген, акт толтырылған, әскери полиция оның денесінде ұрудың іздері жоқ екенін тіркеген.

Тоғызыншы тамызда сапта тұрғанда  әскери қызметші өзін-өзі ұстай алмай, саптан шығып кетіп, әріптестеріне әдепсіз сөйлеген. Оның жанында тұрған сарбаздар шағымданған. Біз оны медициналық пунктке апардық,  біздің психолог онымен сөйлесті, содан кейін ол психиатр-дәрігерге баруды ұсынды. Себебі психолог дәрігер емес, ол ем  тағайындамайды. Оны психиатр дәрігер қарады, ол оны ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдап, «Бейімделудің бұзылуы» деген  диагноз қойды. Бұл материал әскери полицияда тіркелген, қызметтік тергеу тағайындалды. Біз оны психиатрға жіберуге міндеттіміз, түсініңіз, өйткені біз мұндай жауапкершілікті мойнымызға ала алмаймыз. Ол ертең қару алады, атысқа барады, Құдай сақтасын, өзіме бірдеңе жасап тастаса не болады?, - деп түсіндірді Ұлттық ұлан "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары Бақыт Алазов.

Сонымен қатар, ол диагноз алдын-ала жасалғанын атап өтті. Енді әскери қызметкер екі ай емделеді. Содан кейін оны әскери-дәрігерлік комиссияға жібереді, олар сарбаз қызметін жалғастыра ма, жоқ па, соны шешеді.

Өзгелердің жаңалығы