Оралда құрылыс алаңынан ер адамның мүрдесі табылды

21 Маусым 2022, 01:20
1302
Бөлісу:
Оралда құрылыс алаңынан ер адамның мүрдесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда салынып жатқан құрылыс нысанынан ер адамның мүрдесі табылған.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 19 маусым күні кешкісін Зачаган кентінде болған.

Сағат 21.41-де Е.Брусиловский көшесі 42-мекенжайдағы құрылыс орнынан 1972 жылғы ер адамның зорлықпен өлтірілген денесі табылды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде осы дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабына (адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.

Өзгелердің жаңалығы