Оралда қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше рейс тоқтатылды

24 Қараша 2023, 02:20
435
Бөлісу:
Оралда қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше рейс тоқтатылды
Фото: архив

Оралда үздіксіз жауған қар мен қатты желге байланысты Air Astana рейстерін тоқтатуға мәжбүр болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Air Astana әуе компаниясының мәліметінше, Орал – Франкфурт – Орал және Орал – Астана бағыттары бойынша авиарейстер, сондай-ақ Алматыдан Оралға және кері рейстер тоқтатылды.

Әуе компания аталған рейстердің жолаушыларына тамақ, тегін брондау немесе билетті қайтару ұсынылғанын атап өтті. Орал – Астана рейсінің жолаушыларына тұратын орын, тамақ және трансфер берілді.

Air Astana компаниясы рейстердің кешігуі туралы ақпарат алу үшін жедел желі: +7 7272 44 4478 арқылы хабарласуды сұрайды. Сондай-ақ әуе компанияның ресми сайтында рейстердің мәртебесін тексеруге болады, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, 24 қарашада еліміздің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы