Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Оралда Президент тапсырмасы бойынша салынған жаңа мектеп ашылды

2 Қазан 2025, 09:15
432
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Оралда Президент тапсырмасы бойынша қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынған жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды BQ.KZ Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Орал қаласында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №8 мектеп-лицейі салтанатты түрде ашылды. Ол 1952 жылы салынған апатты мектептің орнына салынды.

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім беру жағдайын жақсарту және сапалы білімнің баршаға бірдей қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды.

Бұған дейін Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан мектеп құрылысына 2,8 млрд теңге бөлген еді.

Жаңа ғимарат 400 оқушыға шақталып салынған және балалардың білім алуына барлық жағдай жасалған.

Өзгелердің жаңалығы