Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Оралда өрттен 23 адам құтқарылды

5 Шілде 2025, 14:15
504
Бөлісу:
 Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

ТЖМ қызметкерлері 23 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Орал қаласындағы Құрманғазы көшесінде 9 қабатты тұрғын үйде, 3 және 9-қабат аралығында электр қалқанында электр сымдары жанған.

ТЖМ күштері автосатымен және баспалдақ маршымен 5 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарып, 15 адам, оның ішінде 5 бала эвакуациялады. Өрт жедел түрде сөндірілді, - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Өзгелердің жаңалығы