Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда ер адам мас күйінде 6 жасар қызды алып кетпек болған, деп хабарлайды БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Полиция департаменті баспасөз қызметінен 21:30-да Зачаган полиция бөліміне белгісіз ер адамның Мұрат Мөңкеұлы көшесіндегі тұрғын үйдің ауласынан 6 жасар қызды алып кетпек болғаны жөнінде хабар түскен. Оның бұл әрекеті видеоға түсіп қалған.
Қазіргі кезде қыздың анасының арызы Зачаган полиция бөлімінде тіркелді. Ер адам ұсталды. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Кейін процессуалдық шешім қабылданатын болады. Күдікті орта дәрежелі мас күйінде болған.
Оқи отырыңыз: