Орал қаласында «Ел ырысы» базарында газ баллоны жарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 16 маусым күні сағат 10.00-ден кете мал союға арналған орында болды.
Алдын ала мәлімет бойынша барлығы 10 адам зардап шексе, соның екеуі - кәмелетке толмағандар. Екі адам дәрігерлер қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді. Газ баллонын дұрыс қолданбау осындай оқыс оқиғаларға жиі соқтыруда. ТЖ департаментінің қызметкерлері мұның алдында қауіпсіздік бойынша рейд те жүргізген, - деп хабарлады ведомстводан.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары мен себеп-салдары анықталу үстінде.