Оралда кәсіпкерді өлтірді деп айыпталған күдікті соттан өзін босатуды сұрады

11 Тамыз 2022, 15:17
1054
Бөлісу:
Оралда кәсіпкерді өлтірді деп айыпталған күдікті соттан өзін босатуды сұрады

Оралда кәсіпкерді өлтірген Руслан Қожантаев балалары барын және әйелдерінің бірі жүкті екенін айтып, қамауға алмауды сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Мой ГОРОД» басылымының мәліметінше, мамандандырылған тергеу сотында 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелдіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтініші қаралды.

Прокурор соттан Қожантаев пен Амангелдіні екі айға қамауға алуды санкциялауды сұрады.

Кәсіпкерді өлтірген Руслан Қожантаев тергеу дәлелдерімен келіспейтінін мәлімдеп, өзін екі айға қамауға алмауын сұрады. Айтуынша оның кішкентай балалары мен екі әйелі бар, оның бірі жүкті.

Ал, оның сыбайласы Тұрлан Амангелді кәсіпкерге Қожантаевтың қысым көрсетуімен, яғни мәжбүрлі түрде барғанын айтты. Айта кетсек, екі күдікті де бұған дейін істі болмаған.

Сот санкциясы мен Қожантаев пен Амангелді екі айға қамауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы