Оралда 45 млн теңге салынған сөмкені ұрлаған

6 Наурыз 2020, 13:53
6413
Бөлісу:
Оралда 45 млн теңге салынған сөмкені ұрлаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сөмкеде доллар, евро, рубль және теңге болған. Полицияның хабарлауынша, ұрлық алдын ала жоспарланған. 

Ақша айырбастау пунктінің иесі 2 наурыз күні сағат 21.00-ге қарай пунктен шығады. Ол қаланың орталығында орналасқан. Оның бетіне газ баллон шашып, қолындағы доллар, евро, рубль, теңге салынған сөмкесін тартып алған. Жалпы шығыны 45 миллион теңгені құрайды, - деп хабарлады полиция.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК ("Ұрлық") 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті төрт адамның үшеуі ұсталды. Олардың біреуі ұрланған ақшаға екі көлік алып үлгерген. Бұған қарамастан шығынның жартысы қайтарылды. Тергеу жүріп жатыр, - деді БҚО полицейлері.

Өзгелердің жаңалығы