Оралда эвакуациялау жұмыстары тәулік бойы жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары түнгі уақытта саяжай алабының су басқан учаскелерінен жергілікті тұрғындар мен малды эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде. Жұмыс тәулік бойы жалғасуда, - делінген ведомство ақпаратында.