Қайғылы оқиға 28 мамыр күні болған. Зардап шеккен 2007 жылғы оқушы есін жимастан Орал қаласының көпбейінді балалар ауруханасында қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Polisia.kz мәліметінше, құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 2008 жылы туған кәмелетке толмаған Н. есімді бала ұсталды.
28 мамыр сағат 01:28 шамасында Орал қаласының көпбейінді балалар ауруханасына 2007 жылғы кәмелетке толмаған Д. есімді жеткізілді. Ол есін жимай, жансақтау бөлімшесінде қайтыс болды. Бұл жағдай сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Осы құқық бұзушылықты жасады деген күдік бойынша 2008 жылы туған кәмелетке толмаған Н. ұсталды. Осы факті бойынша сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды, - делінген хабарламада.