Оралда бірнеше адам пышақ жарақатын алды

21 Қараша 2020, 23:35
2078
Бөлісу:
Оралда бірнеше адам пышақ жарақатын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оралда бір түнде бірнеше адам пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды БҚО ПД баспасөз қызметі.

БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, бірінші оқиға Январцев көшесі, 24-мекенжайында болды. 

Жеке үйде 21 қарашаға қараған түні 48 жастағы, 52 жастағы және онымен әскерде бірге болған 51 жастағы ер адамдар бірігіп, арақ ішкен. Ақыры бір-бірімен сөзге келіп, 51 жастағы ер адам алдыңғы екеуіне пышақ салған. Қазіргі таңда екеуі ауруханада, ал күдікті ұсталды. 

Тағы бір оқиға Старица Набережная көшесінде болды. Оралда тұратын 32 жастағы ер адамға Украинадан досы қыдырып келіп, тойлаған. Көшемен келе жатқан оларға түнгі 03.00 шамасында осы маңдағы жеке моншадан ішіп шыққан бес-алты адам жолығып, екеуін сабап жіберген, бұлар жеңіл жарақат алған. Күдіктілер іздестірілуде. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нақтылағанындай, Январцев көшесі бойындағы үйде араға үш сағат салып, екі адам пышақ жарақатын алған. Екеуі де мас күйінде облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Тағы бір ер адам Старица Набережная көшесінде жауырынының төменгі тұсынан пышақ жарақатын алған. Ол да мас күйінде болған, бұл адам ауруханаға жатудан бас тартты.

Өзгелердің жаңалығы