Оралда 70 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді

21 Сәуір 2023, 10:34
706
Бөлісу:
Оралда 70 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді
Фото: Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

20 сәуірде Оралда жалпы ауданы 70 гектар аумақта құрғақ шөп пен орман өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс Қазақстан облысының өрт сөндірушілері Орал қаласының шетіндегі Перевалочная тоғай ауданында «Орман және жануарлар дүниесін қорғау» ММ аумағында құрғақ шөптің және орман екпелерінің жануын сөндіруге көмек көрсетті.

Жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан ТЖМ бөлімшелерінің және «Орман және жануарлар дүниесін қорғау» ММ бірлескен жедел іс-қимылдарының арқасында өрт сағат 20:36-да оқшауланды.

Елді мекендерге қауіп төнген жоқ, кейбір жану ошақтарына су төгу жұмыстары жүргізілуде.

Түнгі уақытта жасырын жану ошақтарының жоқ екеніне көз жеткізу және олардың қайта жануына жол бермеу үшін өрт шарпыған 3 учаскедегі ұсақ жану ошақтарына су төгу және қарауылдау жұмыстары жүргізілді. Қазір желдің жылдамдығы 5-7 м/с, сыртқы ауа температурасы +11 градус. Жел бағытының үнемі өзгеруіне және арнайы техниканың өтуіне қол жеткізу қиын болғандықтан, өртті сөндіру қиынға соқты. Сөндіру жұмыстары жаяу өрт сөндіргіштер мен хлопушкаларды пайдалану арқылы жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, жергілікті атқарушы органдар өрт сөндірушілерге ыстық тамақ ұйымдастырды. Сонымен қатар жеке құрам үшін ауысымдық демалыс ұйымдастырылды.

Өртті сөндіруге жалпы ТЖД, «Резерв» мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі, әкімдіктің ерікті өртке қарсы құралымдары, орман шаруашылығы, «Жайықтазақала» ЖШС 158 адам және 34 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы