Оралда 5-қабаттан секірмек болған әйел құтқарылды

5 Сәуір 2023, 05:21
811
Бөлісу:
Оралда 5-қабаттан секірмек болған әйел құтқарылды
Фото: azattyq-ruhy.kz

Орал қаласында бесінші қабат балконынан секірмек болған әйел құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 3 сәуір күні кешкісін Зачаган кентінде болды.

Сағат 20.00-де 25-Чапаев дивизиясы көшесі бойында орналасқан үйде 1981 жылғы әйел балконнан секірмек болған. Сол жерден өтіп бара жатқан патрульдік полиция батальонының инспекторлары, полиция аға лейтенанты Руслан Муксанов пен полиция лейтананты Райымбек Қабылов шұғыл қимылдап, тез жоғары көтеріледі. Пәтерге еніп, әйелдің тілін тауып, балкон ернеуінде ілініп тұрған жерінен еппен ішке кіргізеді. Осылайша, әйел аман қалды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабына (өзін-өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ведомстводан.

Өзгелердің жаңалығы