Оралда жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәде беріп, азаматтарды алдаған алаяқ қолға түсті. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шаған полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні жедел іздестіру шаралары нәтижесінде ұстаған.
Күдікті Орал қаласы аумағында бірнеше тұрғынның сеніміне кіріп, олардың ақшасын заңсыз иемденген. Қазіргі уақытта алаяқтың іс-әрекетінен 13 адам зардап шеккені анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 6,5 миллион теңгені құрайды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп мәлімдеді ведомство.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция тұрғындарға сақ болып, құжаттарды тек ресми және заңды жолмен рәсімдеуге кеңес береді.