Ол былтыр 134 миллион теңге көлемінде пара алды деген айып тағылып, тұтқындалған болатын, деп хабарлайды БҚО-дағы BAQ.KZ тілшісі.
Құрылыс компанияларының біріне пандемия кезінде арнайы тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдем көрсетті, мембағдарлама бойынша салынып жатқан жалпы екі 9 қабатты тұрғын үйдің атқарылған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойды деген айыптар тағылды.
Бүгін Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Арман Өксікбаевты Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігімен, 366-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшерде пара алуға оқталу) және сыбайласы «Сырласу» ЖШС жүргізушісі Александр Нағметов ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігімен, 28-бабы 5-бөлігімен 366-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшерде пара алуға оқталу, көмектесу) айыптаған қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, Өксікбаев «Орал қаласы құрылыс бөлімі» ММ-нің басшысы бола тұра, сыбайласы Н. арқылы, 2020 жылдың қазан айынан 2021 жылдың 11 қазан аралығында мердігер және қосплқы мердігер компаниялардың директорларынан Зашаған кентіндегі №53 және №54 дақтардағы 9 қабатты екі тұрғын үйдің жалпы соммасы 2168346634,05 теңге құрайтын, орындалған құрылыс-монтаждау нысандарында атқаратын жұмыстар және кедергісіз актілерге қол қою үшін алдын ала келісілген 170 000 000 теңгенің 134 000 000 теңге көлемінде пара алған.
2021 жылы 11 қазанда Өксікбаев пен Нағметовті БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері ұстаған.
Мемлекеттік айыптаушы Өксікбаевқа 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасын, ал Нағметовқа 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Қорғау тараптары сотталушылардың жасаған әрекетінде қылмыс құрамы болмауына байланысты, ақтау үкімін шығаруды сұрады.
Сотталушы Өксікбаев өз кінәсін мойындамай, А. пара талап етпегенін және алмағанын, тінту кезінде табылған 3 500 000 теңге екі 9 қабатты үйдің құрылыс алаңында жұмыс жасау үшін жалға алған трактордың қарыз ақысы екенін көрсетті.
Сотталушы Нағметов кінәсін мойындамай, А.-дан пара алмағанын, керісінше Өксікбаевқа А.-дан жалға алған трактордың қарыз ақшасын алып беруге көмектескенін көрсетті.
Бұған қарамастан, екеуінің кінәсі куәлардың жауаптарымен, сөйлесу стенограммаларымен, тінту, оқиға орнын қарау, сот сараптама қорытындыларымен және басқа да тергеу әрекеттерімен дәлелденді.
Жаза тағайындауда, сот жасалған қылмыстардың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін және қылмыстық құқықбұзушылық сыбайлас жемқорлыққа жататынын, жеңілдететін және ауырлататын мән-жәйларды ескерді.
Сотталушылар аяқталмаған қылмыстық әрекетімен сотқа берілген.
Жасалған қылмыстық әрекеті аса ауыр қылмыстар санатына жатады. ҚК-нің 366-бабының 4 бөлігінің сакциясында 10 жылдан 15 жылға дейнгі бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Заң бойынша (ҚК-тің 56-бабы) аса ірі мөлшердегі пара алуға оқталу жазасы 11 жыл 3 айдан аспауға тиіс (15 жылдың 3/4 бөлігі).
Сонымен қатар, ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігіне сай, жеңiлдететiн мән-жай болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жазаның ең жоғары мерзімің 3/4 асыруға болмайды (8 жыл 5 ай).
Осы заңның талаптары негізінде, ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігімен, 366-бабы 4-бөлігімен сот Өксікбаевқа 11(он бір) жылға бас бостандығынан айыру, ҚК-нің 24-бабы 3 бөлігімен, 28-бабы 5-бөлігімен 366-бабы 4-бөлігімен Нағметовқа 8(сегіз) жылға бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына айыра отырып, тағайындады. Қылмыстық-атқару жүйесінің барынша жоғары қауіпсіздік мекемесінде өтеу жазасы белгіленді,- деп хабарлады БҚО қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз-қызметі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.