Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде акцизсіз темекі өнімдерінің ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
"Қорғас" ШЫХО кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ қызметкерлерімен бірлесіп, кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында ҚХР-дан ҚР-ға шығу кезінде темекі өнімдерін, атап айтқанда жалпы салмағы 129 келі 708 бума құрайтын "Milano" маркалы темекі өнімдерін және жалпы салмағы 88 келі 440 бума құрайтын "Mond" маркалы темекі өнімдерін тәркіледі, - делінген хабарламада.
Ұсталған темекі өнімдердің жалпы саны 1148 бума (229 600 дана сигарет), жалпы салмағы 217 келі.
Қазіргі уақытта істің мән-жайы, тәркіленген тауарлардың кедендік құны анықталуда. Содан кейін барлық қатысы бар тұлға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.