Қорғаныс министрлігі баспана жалдауға берілетін өтемақыны көбейтеді

26 Қараша 2019, 20:14
1789
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігі баспана жалдауға берілетін өтемақыны көбейтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде баспана мәселесі тек қарпайым халықтың ғана емес әскерилердің де бас ауруына айналған. Өз баспанасын сатып алуға мүмкіндігі жоқ әскери қызметшілердің көбі пәтер жалдап тұрады.

Еліміздің 12 өңірінде жалдамалы пәтерге берілетін төлемақы көлемі 25 мың теңгеден төмен. Мәселен, Гвардейск гарнизонында 18 мың теңге жанұядағы әр адам басына төленетін еді. Қорғаныс министрлігі бұл соманы 25 мың теңгеге көтеруді көздеп отыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің Тұрғын-үй басқармасының бастығы Бауыржан Зекенов мәлімдеді.

Бүгін Әділет министрлігінде «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің тұрғын-үй мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы талқыланды.

Қорғаныс министрлігі әскерилерге тұрғын үйді жалдап тұруға өтемақы төлейтін еді. Енді, бұл төлемақы екінші деңгейдегі банктерде ашылған жеке арнайы шоттарына аударылатын болды.
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап әскери еңбек өтілі 10 жылдан кем әскери қызметшілер ағымдағы төлемақыларын алып жатыр. Тұрғын-үй қатынастары туралы заңға байланысты оларға ағымдағы төлемақылары төленеді. Арнайы статистикалық өкілетті орган бар. Әр аумақ бойынша соманы бекітеді. Мәселен, Гвардейск гарнизонында, Отарда 18 мың теңге жанұядағы әр адам басына төленеді. Соған байланысты олар өздерінің ағымдағы төлемақыларын алып, келешекте екінші деңгейлі банктер арқылы баспаналы бола алады. Біз сол 18 мың теңгені орташа деңгейге көтергіміз келіп отыр. 25 мың теңгеге арттыруды көздеп отырмыз. Бізде еліміздің 12 облысында жалдамалы пәтерге берілетін төлемақы көлемі 25 мың теңгеден төмен. Төлемнің көлемін көтеруді қолға алдық. Соны арнайы заңмен қарастырайын деп отырмыз, - дейді ҚР Қорғаныс министрлігінің Тұрғын-үй басқармасының бастығы Бауыржан Зекенов.

Оның сөзіне сүйенсек, Парламент Сенатының депутаттары аймақтарға арнайы сапарында әскери қызметшілермен кездесіп осы жағдайды түсіндірген. Бір шешімге келіп, заңға оңтайлы өзгерістер енгізбекші.
Біз барлық өңірлерді араладық. Құрылған арнайы комиссия бар. Қарулы Күштердің әрбір горнизонын аралап шықтық. Әскери қызметшілермен көзбе-көз кездесіп, тілдестік. Көзқарастары мен пікірлеріне құлақ астық, - деген  Бауыржан Зекенов, әрбір әскери қызметшілердің өтініш-шағымдары ескеріліп, талқыланғаннан кейін ғана осындай өзгертулер болатынын айтты.
Өзгелердің жаңалығы