Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2019 жылдың 1-30 қараша аралығында 9,7 млрд теңге түсті.
Қордың баспасөз қызметінен хабарлағандай, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 30 қараша аралығында жұмыс берушілер мен жекеменшік кәсіпкерлерден міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға түскен жарнаның жалпы сомасы 234 млрд теңгені құрады. Оның 224,8 млрд теңгесі (96,2%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,9 млрд теңге (3,8% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.
Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.