Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Евней Бөкетов университетінің оқытушылары Қарағанды мен Ұлытау арасындағы 700 шақырымды жүгіріп өтті.
Олар эстафеталық ультрамарафонды Ұлытаудың облыс болуына орай ұйымдастырды. Оқытушылар топқа бөлініп, түрлі қашықтыққа жүгірген. Екі облыс арасындағы бұл марафон Ұлытаудағы музейдің алдында өз мәресіне жетті. Желаяқ ұстаздар мұнымен тоқтап қалмақ емес, келесі жылы Түркістанға қарай жолға шықпақ.
Мақсатымызға жеттік деп ойлаймын, міне, бәріміз аман-есен жетіп жатырмыз. Алдағы межелі жоспарымыз қасиетті Түркістан жері есептеуіміз бойынша 1200 шақырым, – деді Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің меңгерушісі Марат Бөдеев.