Оқығанынан қыдырғаны көп болады. Зайытов шетелге оқуға баратын дәрігерлерді сынады

18 Наурыз 2024, 13:18
6146
Бөлісу:
Оқығанынан қыдырғаны көп болады. Зайытов шетелге оқуға баратын дәрігерлерді сынады
Фото: скрин/@mazhilis_kz

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында депутат Ринат Зайытов шетелге оқуға баратын дәрігерлердің әрекетін сынады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Зайытов депутаттарға халықтан хат келетінін айтты.

Бізге халықтан өтініш келеді. Сіздерде қалай екенін білмеймін, робот бар ма?.. Ішіндегісін оқымай, тақырыбына қарап, жауап жаза береді-ау?! Өзім солай деп ойлаймын. Сосын дайын тұрған бір жауапты бере береді. Мысалы, мынау (қолындағы өтініш - ред.) COVID кезінен бері Үкіметтің уәде еткен ақшасын ала алмай жүрген адамнан бастап Арқалықтағы дәрігерлердің қателігінен мүгедек болып қалған адамға дейінгі азаматтардың өтініші. Сізден енді менің өтінішім көмекшіңізді бекітіп қоймасаңыз, енді мен тікелей жіберіп отырамын. Өйткені “дежурный” жауаптарыңыздан шаршап кеттім, - деді депутат.

Ринат Зайытов шетелде оқитын дәрілер жайлы да сөз қозғады.

Бізде дәрігерлерді шетелде оқытуға жылына қанша қаржы бөлінеді? (Министр 300 млрд теңгеден биыл министр 300 млн теңгеге дейін қысқартылғанын айтты). Ол да аз ақша емес. Бір оқиға айтып берейін. Таяуда Түркияда болдым. Сол жердегі азаматтар “Сіздің Денсаулық сақтау министріне дұғай-дұғай сәлем” айтты. Олардың сөзінше, Түркияға адамдарды жіберіп, оқытқаннан ешқандай пайда жоқ. Себебі, жасыратыны жоқ, біздің дәрігерлер ол жаққа барады да, оқығанынан гөрі, қыдырғаны көп болады екен. Енді олар сол ақшаға түріктің маманын алдыртып, неге елімізде оқытпайтынын айтады. Себебі осылай тиімді болады, - деді мәжілісмен.

Зайытов Денсаулық министріне осы мәселені назарға алуды ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы