Түркістан облысында оқушының үстіне футбол қақпасы құлап, қаза болды

5 Қыркүйек 2019, 20:58
3358
Бөлісу:
Түркістан облысында оқушының үстіне футбол қақпасы құлап, қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің 8-сынып оқушысы жансақтау бөлімінде операция кезінде қайтыс болды, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

«Түркістан облыстық білім басқармасының берген мәліметі бойынша, жазатайым оқиға 5 қыркүйек күні Қазығұрт ауданындағы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектепте болған. 8-сынып оқушысы Алихан Махатай дене шынықтыру сабағында жылжымалы футбол қақпасымен ойнап, салдарынан қақпа үстіне құлап, бала ауыр жарақат алған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақыртылып, зардап шеккен оқушы аудандық ауруханаға жеткізілген. А.Махатай жан сақтау бөлімінде ота жасау үстінде сағат 15.00-16.00 шамасында қайтыс болған. Бүгінгі таңда аудандық прокуратура және ішкі істер бөлімімен тергеу шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады Білім министрлігінен.

Аталған жағдай ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жеке бақылауында болады.

Мектеп әкімшілігі оқушылар мен ата-аналар қауіпсіздік нұсқаулығымен таныстырылды деп мәлімдейді. Қазіргі таңда мектеп әкімшілігіне қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар арасында қауіпсіздік шараларын қолдану жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетсек, Махатай Алихан Талғатұлы 2006 жылы туған. Отбасында бес перзенттің ең кішісі. Отбасы материалдық жағдайы орта. Алдағы уақытта аталған жазатайым оқиғаға қатысты қосымша ақпарат беретін боламыз.

«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазығұрт ауданындағы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің 8-сынып оқушысы Махатай Алихан Талғатұлының мезгілісіз қайтыс болуына орай ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтады», - делінген БҒМ хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы