Оқушылардың қазақ тілін біліп-білмеуі тексеріледі – министр

21 Мамыр 2024, 10:50
430
Бөлісу:
Оқушылардың қазақ тілін біліп-білмеуі тексеріледі – министр
Фото: BAQ.KZ - архив

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биыл алғашқы рет оқушылардың қазақ тілін меңгеру деңгейі бағалатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл алғаш рет 5-8, 10-сыныптарда қазақ тілін меңгеруді бағалау мақсатында қазақ тілінде және басқа тілде оқытатын мектептердің білім алушылары үшін аралық емтихандар өткізіледі, – деді министір үкімет отырысында.

Сондай-ақ Бейсембаев балалардың жазғы демалысы 9 мемлекеттік органның бірлескен жоспары аясында ұйымдастырылатынын атап өтті.

Бұл мақсатта республикалық және өңірлік штабтар құрылды. Жазғы демалысты ұйымдастыруға қажетті барлық нормативтік-құқықтық актілер дайындалды. Бірыңғай талаптарды қамтитын Әдістемелік ұсынымдар жинағы әзірленді, – деді ведомство басшысы.

Еске салайық, бұған дейін Оқу-ағарту министрі биыл еліміз бойынша қанша бітіруші түлек бар екенін айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы