Биыл Рамазан айы 1 наурызда басталады. Елімізде ораза ұстаймын деушілердің қатары жыл сайын артып келеді. Олардың арасында оқушылар да бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Осыған орай мектеп қабырғасында оқушылардың ауыз бекітіп, ораза ұстауына қатысты Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, PhD химик әрі белгілі ұстаз Аятжан Ахметжанұлының пікірін білген едік.
Жалпы бұл мәселеде дәл қазіргі кезеңдегі оразаны (уақыты қысқа ғой) ұстауға қарсылығым жоқ. Оқушы мен ата анасы өздері шешуі қажет деп ойлаймын. Егер баланың денсаулығы көтерсе, ешқандай кінарат болмаса, оған шектеу қойып, агрессия тудырудың еш қажеті жоқ. Дін адамның жеке мәселесі. Әр адам өзі шешкені дұрыс, - деді ол.