Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Оқушылардың күзгі каникулы қашан басталады және қанша күн демалады?

20 Қазан 2025, 14:51
31597
Бөлісу:
 архив/ Арман Мухатов
Фото: архив/ Арман Мухатов

Қазақстан оқушыларының күзгі каникулы 27 қазан мен 2 қараша аралығында өтеді. Демалыс ұзақтығы – жеті күн. Бұл уақытта мектептерде «Адал азамат» жобасы аясында тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мәлімдегендей, осы кезеңде мектептерде «Адал азамат» жобасы аясында тәрбиелік іс-шаралар бағдарламасы жүзеге асырылады. Бұл жоба оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытып, патриотизм, әділдік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарлама аясында мынадай бастамалар қолға алынады:

• «Каникулда кітап оқимыз» акциясы – «Балалар кітапханасы» жобасы шеңберінде;
• «Буллингтен қорған» атты қауіпсіздік сабақтары;
• мектеп театрлары мен шығармашылық үйірмелердің жұмысы.

Күзгі демалыс кезінде оқушылардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады.

Мұғалімдер мен ата-аналарға жолда жүру ережелерін, өрт қауіпсіздігін, интернет пен көшеде өзін ұстау мәдениетін түсіндіретін әңгімелер өткізу ұсынылған.

Өзгелердің жаңалығы