Оқушылар үшін қызықты кітаптар тізімі белгіленді

Бұл кітаптар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, 1-ден 11-сыныптарға бөлінген, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі 1 Шілде 2023 2023, 20:34
1 Шілде 2023 2023, 20:34
6708
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы мектеп оқушыларының жазғы демалыста оқуына кітаптар тізімін ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл кітаптар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, 1-ден 11-сыныптарға бөлінген.

1-4 сынып оқушыларына жас шамасына қарай қысқа көлемді ертегілер, қызықты аңыз-әңгімелер, батырлар туралы шығармалар ұсынылды.

5-9 сынып оқушыларының ойлау әрекетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілетін дамыту, адамгершілік қасиетін қалыптастыруға бағытталған кітаптар тізімі жасалды.

10-11 сыныптарға ұсынылған шығармалар оқушылардың рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін көркем әдебиеттер іріктелді. 

 

Наверх