Оқушылар сарайына Мемлекет басшысының сыйлығы табысталды

26 Наурыз 2022, 11:09
1693
Бөлісу:
Оқушылар сарайына Мемлекет басшысының сыйлығы табысталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматыдағы Оқушылар сарайына сыйлық ретінде жаңа мектеп автобусы табыс етілді. Онда балаларды түрлі конкурстарға, жарыстар мен фестивальдарға апару жоспарланып отыр, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Автобус барлық заманауи талаптарға жауап береді және жүру үшін ыңғайлы, соның ішінде әртүрлі ауа райы жағдайында алыс қашықтыққа сапар шегуге арналған.

Ауаны реттеу және жылыту жүйелерінен басқа, автокөлік төрт бейнебақылау камерасымен, аялдама туралы жүргізушіні хабардар ету батырмасымен, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған пандуспен және т. б. жабдықталған.

Сондай-ақ Оқушылар сарайына сапары барысында Президент Алматы әкімдігіне 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін Оқушылар сарайының обсерваториясын жаңғырту аясында заманауи кәсіби телескоп орнатуды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы