Оқушылар мектепте намаз оқыған. Министрлік тексеру жүргізіп жатыр

20 Ақпан 2024, 13:26
2517
Бөлісу:
Оқушылар мектепте намаз оқыған. Министрлік тексеру жүргізіп жатыр
Фото: Артём Чурсинов - архив

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әлеуметтік желілерде тараған мектепте намаз оқыған балалардың видеосына қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бейсембаев оқиғаның қай мектепте, қай өңірде болғаны әлі белгісіз екенін мәлімдеді.

Бұл оқиғаның қай мектепте, қай облыста болғанын анықтап жатырмыз. Егжей-тегжейі белгілі болғаннан кейін шаралар қабылданады. Толық мән-жай анықталғанша күтуіміз керек. Алдымен мектепте болды ма, жоқ па соны анықтап алайық, - деді ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте.

Оқу-ағарту министрі "Мектепте намазхана керек пе?" деген сұраққа жауап берді.

Мектеп - білім мен тәрбиенің ошағы. Сол себепті мектепте міндетті түрде ұстаздарымыз балаларымызға білім беруге бағытталуы керек. Бұл туралы біз үнемі айтып жүрміз. Бұл ұстанымнан біз тайған емеспіз. Сондықтан мұнда басқа мәселені көтерудің қажеті жоқ деп ойлаймын, - деді Ғани Бейсембаев брифингте.

Еске салсақ, министр бірыңғай уақыт белдеуіне байланысты мектептерде сабақтың басталу уақытына қатысты пікір білдірген болатын.

Өзгелердің жаңалығы