Оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады?

Каникул 21 наурыздан басталып, 31 наурызды қоса алғанда 11 күнге созылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Мәди Искаков  - архив 11 Наурыз 2024 2024, 14:58
11 Наурыз 2024 2024, 14:58
96323
Фото: - архив

Каникул 21 наурыздан 31 наурызды қоса алғанда 11 күнге созылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқушылардың 11 күндік көктемгі каникулы 2024 жылдың 21 наурызында басталып, 31 наурызға (қоса алғанда) дейін жалғасады.

Төртінші тоқсанда 8 оқу аптасы бар. Сондай-ақ 25 мамырда оқудың қорытындысы шығарылып, оқу жылы аяқталады.

Былтыр қазанда Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2023–2024 оқу жылының басталу мерзімін, ұзақтығын және каникул кезеңдерін бекіткенін еске сала кетейік.

Наверх