Қазақстанда оқу жылының мерзімі екі аптаға ұзартылды. Есесіне оқушылардың демалысы қысқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаңа 2022-2023 оқу жылы дәстүр бойынша 1 қыркүйекте басталады.
1-сыныптарда оқу жылының ұзақтығы 35 оқу аптасы, 2-11 (12) – сыныптарда 36 оқу аптасы болады.
Оқу жылы ішіндегі каникул:
1-11 (12) сыныптарда:
Күзгде - 7 күн (2022 жылғы 31 қазаннан бастап 6 қарашаны қоса алғанда);
Қыста - 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 8 қаңтарға дейін қоса алғанда);
Көктемде - 9 күн (2023 жылғы 18-26 наурызды қоса алғанда).
1-сыныптарда қосымша демалыс белгіленген -7 күн (2023 жылғы 6-12 ақпанды қоса алғанда).
Бұрын оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 33 оқу аптасы, 2-11 (12) – сыныптарда 34 оқу аптасы болатын.
Құжаттың толық мәтінін мына сілтеме арқылы өтіп, оқи аласыздар.