Оқушылар арасында буллинг пен суицидтің алдын алу бағдарламасы енгізіледі

19 Желтоқсан 2019, 10:12
7283
Бөлісу:
Оқушылар арасында буллинг пен суицидтің алдын алу бағдарламасы енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында білім беруді және ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылатын шараларды атады.  

Аймағамбетов соңғы кездері балалардың қауіпсіздігі қоғамды алаңдатып отырғанын жасырмады. 

Президент осы мәселеге ерекше көңіл бөледі. Сондықтан балалардың кауіпсіздігін қамтамасыз ету – біз үшін ең басты мәселенің бірі. Ол үшін арнайы күзет, бейнебақылау, қауіпсіз тасымалдау мәселелерін 100% шешеміз деп жоспарлап отырмыз. Тамақтану нормалары мен рационын қайта қарау, асханаларда қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға кезең-кезеңмен көшу, ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды қолдау үшін мемлекеттік тапсырысты жан басына қаржыландыру, кибермәдениет, кибергигиена қалыптастыру жоспарланып отыр, – деді білім және ғылым министрі.

Аймағамбетов буллинг пен суицидтің алдын алу бойынша бірыңғай бағдарлама енгізілетінін айтты. 

Бұл үлкен проблема мектептерде бар. Осы мәселені шешу үшін тиісті іс-шараларды кешенді түрде жобада қарастырып отырмыз, - деді ол Үкімет отырысында.

Өзгелердің жаңалығы