Оқушылар болашақта кім болғысы келеді немесе өндірістік туризм деген не?

20 Қараша 2023, 09:10
1676
Бөлісу:
Оқушылар болашақта кім болғысы келеді немесе өндірістік туризм деген не?
PHOTO
Фото: автордан

Өскелең жас ұрпақ болашақта кім болғысы келеді? Өздерін қай сала маманы ретінде көреді? Түркістан облысының оқушылары болашақ мамандықтарын таңдамас бұрын кәсіби мамандардың кеңесін тыңдап, өндірістік зауыттарды аралап көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Kazakh Tourism» ҰҚ» АҚ ұйымдастыруымен Turkistan Travel Fest фестивалінің аясында 13-17 қараша күндері Түркістан облысындағы ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары үшін Кентау трансформатор зауытына кәсіптік бағдар беру бойынша тур ұйымдастырды.

Кәсіптік бағдарлау турларының мақсаты – оқушыларға өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметі туралы көбірек ақпарат беру, болашақ мамандықтарын саналы таңдауға көмектесу, техникалық мамандықтарға басымдық беру, өнеркәсіптік кәсіпорындармен таныстыру.

Оқушылар болашақта кім болғысы келеді немесе өндірістік туризм деген не?

«Kazakh Tourism»-нің Туристік өнімдерді дамыту департаментінің менеджері Базарбек Қамысбаев жобаға 150 бала қатысқанын айтты.

Жоба аясында Түркістан облысындағы ауылдардан, атап айтқанда, Шолаққорған, Ораңғай, Шорнақ, Ынталы, Шәуілдір және Ынтымақ ауылдарынан жалпы саны 150 бала қатысты. Балалар Кентаудағы өнеркәсіптік зауытты аралап, жұмысымен танысты, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды, - деді ол.

«Инженер» оқушылар зауытта

16 қараша күні Отырар ауданының 3 мектебінен жиналған оқушылар Кентаудағы зауытты аралады.

Кентау трансформатор зауытының инженер-құрастырушысы Ерсұлтан Абдуахитов балаларға экскурсия жүргізіп, өндіріс қалай жұмыс істейтінін түсіндіріп берді.

Оқушылар ең алдымен қауіпсіздік ережесімен танысып, каска мен жилет киді. Балалардың айтуынша, олар мұндай өндіріс орнын алғаш рет аралап отыр.

Оқушылар болашақта кім болғысы келеді немесе өндірістік туризм деген не?

Қазіргі күні зауытта шамамен 1 100 адам жұмыс істейді. Жалақылары да жаман емес.

«Кентау трансформатор зауыты» - Қазақстанның электр машина жасау саласының ірі жоғары технологиялық өндірістік кәсіпорындарының бірі. Кентау трансформатор зауыты (КТЗ) «Alageum Electric» холдингтік компаниясының құрамына кіреді. 1959 жылы негізі қаланған кәсіпорын КСРО ыдыраған соң, серіктестерінен айырылып, жалақы бойынша үлкен мөлшерде қарыздарға батып, банкрот жағдайында болды. Зауыттың жаңа тарихы 1997 жылдан Сайдолла Қожабаевтың басшылығындағы инвестордың келуімен басталды. «Alageum Electric»-ке кірген сәтте зауыт банкроттық сатысында болды, зауыттың салықтар бойынша қарыздары 76 млн теңгеге, жалақы бойынша - 53 млн теңгеге жетті. 26 жыл ішінде зауыт банкроттықтан шығарылып қана қоймай, өндірістік процестер мен қаржылық нәтижелерді жоғары деңгейге көтеріп, тауарлық өнім өндіру деңгейін 100 есе арттырды. Осылайша, 1997 жылғы 17 қарашада электр машина жасау саланың флагманы және инновациялық дамудың қозғалтқышы болып табылатын «Alageum Electric» тобы құрылды, - деп зауыттың қысқаша тарихын айтып берді инженер оқушыларға.

Оқушылар экскурсия кезінде құрғақ трансформатор, сым шығаратын цехтарды аралап көрді.

Оқушылар болашақта кім болғысы келеді немесе өндірістік туризм деген не?

Кентау трансформатор зауытының инженер-құрастырушысы Ерсұлтан Абдуахитов жас мамандар зауыттағы қандай лауазымдарға келіп жұмыс істей алатынын айтты.

Экскурсияны туристік компания мен зауыт бірлесіп ұйымдастырып отыр. Бұл біздің болашақ мамандарға, жастарға елімізде трансформатор зауыты сияқты өнеркәсіп бар екенін, оларға оқу бітіргеннен кейін осындай жерлерде жұмысқа тұруға болатынын көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Балалар зауыттың жұмысына қызығушылық танытып жатыр. Жеке келіп, «Қандай мамандық таңдасақ болады?» деген сияқты сұрақтарын қойып жатқан балалар да бар. Ұлдарға техникалық мамандықтарды таңдауға кеңес беріп жатырмыз, - деді инженер.

Оқушылар болашақта кім болғысы келеді немесе өндірістік туризм деген не?

Ол зауытта қазіргі күні инженерлер жұмыс істейтінін атап өтті. Айтуынша, бұл мамандар электроэнергетика, машина жасау мамандықтарын бітіргендер.

Жалпы бізде техникалық мамандықтарды бітіргендер жұмыс істейді. Оған қоса, зауытымызда экономистер мен есепшілер, жеткізушілер де жұмыс істейді. Сондай-ақ сату бөлімінде техникалық мамандықтарда оқыған менеджерлер де қызмет етеді. Зауытта қолайлы жұмысқа барлық мүмкіндік жасалған, барлығы автоматтандырылған. Жұмыс қиын емес. Орташа жалақы шамамен 300 000-350 000 теңге, - деп түсіндірді Ерсұлтан Абдуахитов.

Оқушылар болашақта кім болғысы келеді немесе өндірістік туризм деген не?

Ол оқушыларға қазір елімізде инженерлер тапшы екенін айтып, балаларды ерінбей білім алып, осы саланы дамытатын маман болуға шақырды.

Оқушылар болашақта кім болғысы келеді немесе өндірістік туризм деген не?

Оқушылар зауытты аралап болғаннан кейін Кентау политехникалық колледжін аралады.

Оқушылар болашақта кім болғысы келеді немесе өндірістік туризм деген не?

Колледжде студенттер дуалды жүйе бойынша оқиды, оның аясында практикалық сабақтар КТЗ зауытында өтеді. 11 жыл ішінде колледж зауыттың қазіргі қызметкерлерінің көп бөлігін дайындады, бірнеше мың адамды оқытты. Осы жылы зауытта арнайы дуалды жүйесі бойынша жаңа оқу орталығы ашылды.

Оқушылар болашақта кім болғысы келеді немесе өндірістік туризм деген не?

Отырар ауданы Шәуілдір ауылындағы Т. Ибрагимов атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Жұлдыз Жолдас болашақта кім болғысы келетінін айтып берді.

Экскурсия өте қызықты өтіп жатыр. Мен трансформатор шығаратын зауыт жайлы көптеген мағлұмат алдым. Себебі бұған дейін оның қалай шығарылатыны туралы мүлдем естіп көрмеп едім. Оған қоса инженер мамандарды даярлайтын арнайы колледжбен де танысуға мүмкіндік алдым, - дейді оқушы.

Ол алдымен болашақ мамандығын туризм саласымен байланыстырғысы келгенін, бірақ кейін таңдауын өзгерткенін айтты.

Бұған дейін туризм саласын таңдап едім. Алайда қазір ойымды өзгертіп жатырмын. Биохимик болғым келеді. Қазір арнайы курсқа барып жүрмін. Химияны оқып жатырмын, - деп, болашақта кім болғысы келетінін айтты Жұлдыз Жолдас.

Оның сөзінше, кәсіби бағдар бойынша мектепте де іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Оқушылар болашақта кім болғысы келеді немесе өндірістік туризм деген не?

Өнеркәсіптік нысандармен қоса тур бағдарламасы бойынша оқушылар Түркістандағы Ұлы Дала елі музейі мен заманауи «Farab» кітапханасын да аралады.

Оқушылар болашақта кім болғысы келеді немесе өндірістік туризм деген не?

Қандай мамандыққа оқыған дұрыс?

Сонымен қатар оқушыларға кәсіби бағдар беруші Ержанат Өнербек кәсіптік бағдар беру тренингін өткізді.

Ол алдымен оқушыларға профориентологтың кім екенін түсіндіріп берді.

Профориентолог – ол сізге мамандық таңдауға көмектесетін маман. Оның жұмысы - Қазақстан нарығы бойынша қандай мамандықтар керек екенін, болашақта қандай мамандықтар жойылып кетуі мүмкін екенін түсіндіру. Сіздерге дейін мыңнан астам оқушыға кеңес бердік, оларды грантқа оқуға түсірдік. Мақсат – мамандықты грант үшін таңдау емес, мақсат – жақсы көрген мамандығымызды таңдау. Жақсы көретін, қабілетімізге сай келетін мамандықтарды таңдау қажет, - деді маман.

Ержанат Өнербек ҰБТ форматы өзгергенін айтып, оны түсіндіріп берді.

Оқушылар болашақта кім болғысы келеді немесе өндірістік туризм деген не?

Мамандықты таңдаған кезде «шекті балл» деген ұғым бар. Мысалы, педагогика мамандығы бойынша – 75 балл. Егер педагогика мамандығын таңдап, шекті балдан төмен жинасаңыз, онда ақылы оқуға да түсе алмайсыз. Неге? Себебі, шекті балл 75. Ал медицина бағыты бойынша шекті балл – 77. Ауыл шаруашылығы бойынша бұрын 50 болған, қазір 60 балға көтерді. Ал заң бағыты бойынша 75 балға дейін көтерілді. Яғни біз түсейін деп отырған мамандықтың өзінің шекті балдары болады. Былтыр бір оқушы кеңес алып, 131 балл жинаса да, грантқа түсе алмай қалғанын айтты. Сертификатын алып қарасам, «оқу сауаттылығынан» 3 балл жинаған, - деп түсіндірді мұғалім.

Ол әр пәннің өзінің шекті балы болатынына тоқталды. Ержанат Өнербек оқушыларға осы шекті балға баса мән беру керегін айтып, кеңес берді.

Көбі мамандықты не үшін таңдайды? Араларыңызда мамандық таңдағандар бар ма? – деп сұрада ол оқушылардан.

Оңтүстік өңірдің балалары бірі стоматолог болғысы келсе, бірі математика пәнінің мұғалімі, дәрігер, химик болғысы келетінін айтты.

Бұл мамандықтарды қалай таңдадыңыздар? Таңда деп кім айтты? Грант үшін таңдамадыңыздар ма? Бір мысал айтайын. Былтырғы статистика бойынша Қазақстанда университет бітіркен студенттеріміздің 70 пайызы диплом бойынша жұмыс істемейді. Яғни 4-курс бітіргеннен кейін көбі жұмыс істемейді. Диплом сандықта қалады. Бұл өзінің мамандығын жақсы көрмейді деген білдіреді. Бұл – бір. Екіншіден, мамандықты көбі грант үшін таңдайды. Осы уақытқа дейін солай болып келді, әлі де грант үшін таңдайтындар бар. Себебі, «грантты алмасақ, ата-анамызға бізге ренжуі мүмкін» деген оймен кез келген мамандықты таңдай саламыз. Айтқым келетіні, мамандықты өзіміз таңдап, оның қандай қиындығы болса да, шыдау керек. Сондықтан мамандық таңдайтын кезде грант не болмаса ата-ананың көңілі үшін деп таңдамау қажет, - дейді профориентолог.

Ол таңдаған мамандықтың отандық нарықта немесе әлем нарығында сұранысқа ие не ие емес екеніне де мән беру керегін айтты.

Таңдап отырған мамандықтарыңыз Қазақстан нарығында сұранысқа ие ма, соны сұрап, зерттеу қажет. Мысалы, Түркістанда қалатын болсаңыз, осы қалаға керекті мамандықты таңдау қажет. Өйткені таңдаған кей мамандық керек болмай қалуы мүмкін. Сонымен бірге таңдаған мамандығыңыз қызметіңіздің өсуіне ықпалын тигізуі керек, - деп айтты Ержанат Өнербек.

Маман мамандықты ешкімнің сөзіне, пікіріне ермей, өзің жақсы көрген саланы таңдау керегін айтты. Сөзінше, қабілетке қарай да мамандық таңдауға болады.

«Табысы жоғары мамандық» деп те таңдай салуға болмайды. Себебі, жақсы көріп таңдаған мамандығыңыз, сізді алда өзі-ақ табысқа әкеледі, - дейді ол.

Сөзінше, Қазақстанда оқуға болатын 265 мамандық бар.

Қазақстанда өнеркәсіптік туризм дамыған ба?

Қазақстанда жаңа туризм салалары мен туристік өнім түрлері дамып келеді.

Осындай бағыттардың бірі – өнеркәсіптік туризм. Бұл компаниялар үшін өз өнімдері мен қызметтерін жарнамалауға мүмкіндік беретін тамаша құрал ғана емес, сонымен қатар кәсіпорындар үшін өз жетістіктерін көрсетудің бір тәсілі. Өндіріске бару және өнімнің жасалуын өз көзіңізбен көру тұтынушының өнеркәсіп өнімдеріне деген сенімін тудырады. Туризмнің бұл түрі, мысалы, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, ауыр және жеңіл өнеркәсіп салалары үшін өте маңызды.

Оқушылар болашақта кім болғысы келеді немесе өндірістік туризм деген не?

Өнеркәсіптік туризмнің екінші маңызды ерекшелігі – кәсіптік бағдар беру міндеті. Өндіріс орындарын көрсету – оқушыларға болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға, техникалық мамандықтарға жаңа кадрлар тартуға көмектеседі.

Осы мақсатта «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы еліміздегі өнеркәсіптік туризмнің дамуына ерекше көңіл бөліп келеді.

2021 жылы жүйелі құрастырылған алғашқы өнеркәсіптік турлар ERG компаниясының құрамына кіретін Ақтөбе ферроқорытпа зауытынан басталды. Өндірістегі жұмыс барысын көрсетіп, өндірілетін өнім мен жұмыскерлердің жағдайы көрсетілетін бұл экскурсияда тынымсыз жұмыс көрігін қыздырған металлургтердің іс-әрекетін көзбен көріп, жақыннан бақылауға болады.

Бұдан бөлек, 2021 жылдан бері «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының бастауымен «Жанды сабақтар» жобасы жүзеге асырылып келеді. Ерекше форматтағы сабақтар барысында оқушылар күнделікті мектеп пәндерін арнайы кәсіпорындарда, өндірістік орындар мен музейлерде өтті. Сабақ барысында олар осы мекемелердегі қызмет істейтін мамандық иелерімен, олардың жұмысымен танысып, кәсіптік бағыт бағдар алуына да мүмкіндіктері болды. Жалпы жоба аясында еліміздің 14 облысы қамтылып, 3000-нан астам оқушы қатысты. Оқушыларға экскурсия өткізілген нысандардың ішінде Атырау қаласындағы Ембімұнайгаз компаниясының музейі, Астана қаласындағы Нұр-Әлем болашақ музейі, Алматыдағы Қазақфильм киностудиясы болды.

Өзгелердің жаңалығы