Польшада астрономия және астрофизика (IOAA) бойынша 16-шы халықаралық олимпиада аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оған әлемнің 50 елінен 250-ден астам мектеп оқушылары қатысты. Қазақстан құрамасы жыл сайын «Бөбек» орталығының обсерваториясында оқу-жаттығулардан өтеді. Биылғы жылы біздің оқушылар халықаралық додада екі медаль жеңіп алды: Күміс – Ахмаджон Табаров – Алматы қаласындағы НЗМ оқушысы, Қола – Елубай Бекасыл – Алматы қаласындағы НЗМ оқушысы.
Астрономия және астрофизика бойынша халықаралық олимпиада жыл сайын әлемнің жоғары сынып оқушылары арасында өткізілетін жарыс. Мектеп оқушылары теориялық тапсырмаларды орындап, деректерді талдап, бақылаулар жүргізді. IOAA-ның негізгі мақсаты - астрономия мен астрофизиканының танымалдылығын арттыру.
Биыл байқауға әлемнің 50 елінен 250 қатысушы қатысты. Қазақстан құрамасы бұл олимпиадаға 2012 жылдан бері қатысып келеді.