21-24 қыркүйекте Алматы қаласында ADD үстел теннисі орталығында тоғызқұмалақтан оқушылар арасында (U-15, U-17) әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сайысқа әлемнің 16 елінен ойыншылар қатысады: Өзбекстан, Түркия, Румыния, Венгрия, Испания, Қырғызстан, Польша, Моңғолия, Түркменстан, Латвия, Чехия және т.б. Әлем чемпионаты рапид және блиц бойынша өтеді.
Жүлденің жалпы қоры – 8 млн теңге. Чемпионаттың ресми ашылуы 21 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 14:30-да өтеді.
Тоғызқұмалақ – бұл қазақтың ұлттық ойыны, логикалық ойлау қабілетін дамыту өнері, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оның ақыл-ойын нығайтуда аса маңызды.
2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұра тізіміне енгізілді.